Атырау, 26 мамыр 15:17
 дождьВ Атырау +31.4
$ 472.48
€ 550.06
₽ 6.59

Атырау оқушыларының жазғы демалысы қайда өтеді

81 рет қаралды

Атырау облысында биылғы жазғы демалыспен 1–10 сыныптағы 139 746 оқушы қамтылады, бұл жалпы санның 95 пайызына тең.

Бұл туралы Үкімет отырысында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мәлімдеді.

Өткен жылы көрсеткіш 93 пайыз болған. Балаларды сауықтыру лагерлеріне жіберу көлемі жыл сайын артып келеді: 2024 жылы 2808, 2025 жылы 3018, ал биыл 5700‑ден астам бала қамтылмақ. 

Үш стационарлық лагерь жұмыс істейді: Железноводскідегі «Қазақстан геологы» пансионаты 1530 орынға, Индер ауданындағы «Жас өркен» лагері 1008 орынға, Махамбет ауданындағы «Арай» лагері 480 орынға арналған. 

«Всеобуч» қоры есебінен 1697 бала басқа өңірлерге жіберіледі: Алматыда 539, Түркістанда 500, Батыс Қазақстанда 344, Ақтөбеде 164, Астанада 150 оқушы демалады. «Теңізшевройл», NCOC, «Ембімұнайгаз» және Атырау мұнай өңдеу зауытының қолдауымен тағы мыңнан астам бала жазғы демалыспен қамтылады.

Сонымен қатар, 847 мектеп жанындағы лагерьде 123 801 бала, 120 шатырлы және киіз үй лагерінде 10 230 бала демалады. 

Жаңа үш лагерь салу жоспарланған: Махамбет ауданында бұрынғы мемлекеттік резиденция негізінде «Жас дарын» лагері 200 орынға ашылады, ал Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында әрқайсысы 300 орындық екі лагерьдің жобасы әзірленуде. 

Осы нысандар іске қосылғаннан кейін өңір жыл сайын 10 мыңнан астам баланы жазғы сауықтырумен қамти алады.

Бүгін, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.