
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранда сақталған байытылған уранды АҚШ‑қа тапсыру немесе халықаралық бақылаумен жою қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды АА.
Ол әлеуметтік желідегі жазбасында: «Байытылған уран (ядролық ұнтақ) дереу АҚШ‑қа жеткізіліп жойылуы немесе, ең дұрысы, Иранның өзінде немесе басқа қолайлы жерде халықаралық атом энергиясы комиссиясының немесе балама органның қатысуымен жойылуы тиіс», – деп жазды.
Қазір АҚШ, Израиль және Иран арасындағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздер жалғасып жатқан тұста, Иранда шамамен 400 килограмм байытылған уран бар деген мәселе негізгі талқылау тақырыптарының бірі болып отыр.
В Атырау +29.5