
26 мамыр күні Чилидің солтүстігінде магнитудасы 6,9 жер сілкінісі тіркелді. АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) дерегінше, дүмпулер Калама қаласынан шығысқа қарай 31 шақырым жерде болған.
Жерасты дүмпуінің ошағы 101 шақырым тереңдікте орналасқан. Билік өкілдері зардап шеккендер мен қираулардың тіркелмегенін хабарлады.
Ұлттық төтенше жағдайларды алдын алу және жою қызметінің өкілі Фелипе Пласа әлеуметтік желіде Чили жағалауында цунами қаупі жоқ екенін мәлімдеді. Ол алдын ала деректер бойынша жер сілкінісі адам шығынына немесе материалдық залалға әкелмегенін атап өтті.
В Атырау +29.5