Атырау, 26 мамыр 11:57
 дождьВ Атырау +29.5
$ 472.48
€ 550.06
₽ 6.59

​Қарашығанақта жаңа бұрғылау қондырғысы іске қосылды

55 рет қаралды
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ кен орнында  жаңа №249 бұрғылау қондырғысы іске қосылды. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Бұрғылау қондырғысы №9899 ұңғымасында қондырылып, бұрғылау жұмыстары ресми түрде басталды. 

Аталған жоба өңірдің мұнай-газ саласын дамытуға, өндірістік әлеуетті арттыруға және қауіпсіз әрі тиімді технологияларды енгізуге бағытталған. Бұрғылау қондырғысын іске қосу барысында өндірістік қауіпсіздік талаптары мен техникалық регламенттердің сақталуына ерекше назар аударылды. 

Жаңа бұрғылау қондырғысы заманауи технологиялармен жабдықталған және жоғары өнімділік көрсеткіштеріне ие. Бұл өз кезегінде бұрғылау жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде орындауға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар, қондырғыда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған бақылау жүйелері қарастырылған.

Қарашығанақ кен орны еліміздің стратегиялық маңызы бар ірі мұнай-газ жобаларының бірі ретінде энергетика саласының тұрақты дамуына елеулі үлес қосып келеді. 

№249 бұрғылау қондырғысының іске қосылуы өндірістік көрсеткіштердің артуына, жаңа қорларды игеруге және өңір экономикасының дамуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

Бүгін, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.