
Степногорск қаласында әйел сауда залында дүкеншіге пышақпен шабуыл жасады. Болған оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті. Видеодан әйелдің дүкен қызметкеріне аяқ астынан суық қарумен тап бергенін көруге болады.
Ақмола облыстық Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасап, шабуылдаушының құрықталғанын хабарлады.
«Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан ешкім ауыр жарақат алмаған. Қазіргі уақытта жағдайдың себептері мен мотивтері анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп түсіндірді ведомство өкілдері.
Полициядан қосымша хабарлағандай, күдікті әдеттегі тәртіппен қамауға алынбаған — ол арнайы медициналық мекемеге орналастырылды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
В Атырау +20.2