
24 мамырда облыстық экология департаментінің зертханалық‑аналитикалық бақылау бөлімінің мамандары қала ауасында мониторинг жүргізді.
Тексеру тұрғындардың шағымынан кейін ұйымдастырылды.
Ауа сынамалары бірнеше нүктеден алынды: Авангард ықшамауданында, Жеңіс саябағында және «Атырау мұнай өңдеу зауытының» санитарлық‑қорғау аймағынан тыс жерде — «Мирный» және «Пропарка» станцияларында.
Тексеру барысында атмосферадағы күкіртсутек (H₂S), метан (CH₄), көміртек тотығы (CO), азот диоксиді (NO₂) және күкірт диоксиді (SO₂) сияқты зиянды заттардың мөлшері тексерілді.
Сынама алу кезінде ауа температурасы +29 градус болып, жел оңтүстік‑батыстан секундына 6 метр жылдамдықпен соққан.
Мониторинг қорытындысы бойынша атмосфералық ауада зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асу жағдайы анықталған жоқ.
В Атырау +31.9