Атырау, 25 мамыр 15:35
 дождьВ Атырау +32.7
$ 470.80
€ 545.99
₽ 6.60

92 мың сынақ: ҰБТ‑ның алғашқы нәтижелері жарияланды

77 рет қаралды

2026 жылдың 10 мамырында басталған негізгі ҰБТ бойынша аралық қорытынды жарияланды. 

Екі апта ішінде тестілеу 92 мыңға жуық рет өткізілді. Талапкерлердің 71 пайызы қазақ тілінде, 29 пайызы орыс тілінде, ал 164 адам ағылшын тілінде тапсырды. 

Екінші аптаның нәтижесіне сәйкес қатысушылардың 65 пайызы шекті балды жинады, бес пән бойынша орташа көрсеткіш 63 балды құрады, ең жоғары нәтиже 138 балл болды.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар 235 талапкерге қолайлы жағдай жасалды. Тест аяқталғаннан кейін талапкерлерге 30 минут ішінде апелляцияға өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған, техникалық себептер болса шағымдар тікелей тестілеу кезінде қабылданады. 

Сертификаттар апелляция қаралғаннан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады. 

Екінші аптада 178 ереже бұзушылық анықталды: 103 талапкер тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тесттен шеттетілді, тағы 75 адам аудиторияда ережені бұзғаны үшін шығарылып, нәтижелері жойылды, ал басқа адамдардың орнына кіру фактілері тіркелген жоқ. 

ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіліп, ережелерді бұзу анықталса нәтижелер жойылады. Биылғы сынаққа 240 мыңға жуық талапкер қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 446 мыңнан астам өтініш берген.

Бүгін, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.