
Атырау облысында 2025–2026 оқу жылы аяқталып, барлық мектепте соңғы қоңырау соғылды. Биыл өңірдегі 235 білім ордасында 154 мыңға жуық оқушы оқыды.
Оның ішінде 8 042 түлек 11‑сыныпты тәмамдап, үлкен өмірге қадам басты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Жалпы түлектердің 252‑сі «Алтын белгіге», ал 445‑і «Үздік аттестатқа» үміткер. Сонымен қатар 9‑сыныпты 13 906 оқушы аяқтады. Қазіргі таңда облыс мектептерінде 79 мыңнан астам бала қазақ тілінде, 4 мыңнан астамы орыс тілінде, ал 56 мыңнан астамы аралас тілде білім алуда.
Атыраулық оқушылар биылғы оқу жылында республикалық және халықаралық білім сайыстарында жоғары нәтиже көрсетті. Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысқан 50 оқушының 28‑і жүлдегер атанса, республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысқан 306 оқушының 144‑і жеңімпаз болды.
Облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуовтың айтуынша, өңір оқушылары биыл бірқатар маңызды жетістікке қол жеткізді.
Атырау құрамасы 7–8 сынып оқушыларына арналған республикалық пән олимпиадасында жаратылыстану‑математикалық бағыт бойынша Бас жүлдені иеленді.
Сондай‑ақ «Ільяс оқулары» байқауында І орын, ауыл олимпиадасында ІІ орын және «Жарқын болашақ» олимпиадасында командалық ІІ орынға қол жеткізді.
Мамандардың пікірінше, бұл көрсеткіштер өңір педагогтарының жүйелі еңбегін және оқушылардың білімге деген ынтасын айқын көрсетеді.
В Атырау +32.7