Атырау, 25 мамыр 14:01
 дождьВ Атырау +29.3
$ 470.80
€ 545.99
₽ 6.60

​Атырауда жүргізушіге артық есептеген жанармай бекетіне айыппұл салынды

101 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет
ChatGPT жасаған сурет

Тұтынушыға берілген кассалық чектегі сома шын сомадан төрт есе көп болып шықты.

Оқиға Атырау қаласындағы жанармай бекетінің бірінде болған. Volkswagen көлігін шамамен 8 мың теңгеге толтырған жүргізуші чекте 30 мың теңгеден астам көрсетілгенін байқап, бұл жағдайға бейжай қарамай, Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымданған.

Департамент басшысының орынбасары Жансая Дадынның айтуынша, заңбұзушылық фактісі расталып, жанармай бекетінің иесі Әкімшілік кодекстің 190‑бабының 1‑бөлігі («Өлшеуде, тартуда, есептеуде алдау, тауардың тұтынушылық қасиеттері немесе сапасы туралы жаңылыстыру») бойынша жауапкершілікке тартылған.

Айыппұл мөлшері – 25 АЕК (108 125 теңге).

Лев ГУЗИКОВ

Бүгін, 13:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.