Атырау, 20 маусым 22:38
 дождьВ Атырау +33.4
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

Мақат ауданында 2000‑нан астам адам тазалық марафонына қатысты

412 рет қаралды

Мақат ауданында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Eco Steeppe Fest Makat» экологиялық марафоны өтті. 

Қатысушылар бір мезетте 21 шақырымды жүріп өтіп, жол бойындағы қоқысты жинады.

Ұйымдастырушылардың дерегінше, марафон халықаралық рекордтар кітабына енгізілді. 

Шараның басты мақсаты – қоғам назарын экология мәселелеріне аудару және табиғатқа ұқыпты көзқарас қалыптастыру.

Акция таңғы сағат 06:00‑де басталды. Үш сағат ішінде 2000‑нан астам тұрғын қатысып, шамамен 12 мың тонна қоқыс жиналды.

Марафонның ашылуында аудан әкімі Азамат Мамбетов тұрғындарды тазалықты сақтауға және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырды.

Шара қорытындысында «GLOBAL BEST OF RECORDS» дүниежүзілік рекордтар кітабының Азия және Африка елдері бойынша бас тіркеушісі Қуаныш Құдайбергенов аудан әкіміне рекордтық статуэтка табыс етті.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 мамыр, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.