Атырау, 27 сәуір 03:03
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Бүкіл соққы жазылған

3 520 просмотра

«Salem Gold»кафесінің алдында екі қыз үшінші қызды аяусыз соққыға жыққан төбелесті тергеу ісі аяқталып қалды  («Тапа-тал түстегі сұмдық»).

Естеріңізге салсақ,«АЖ» сайтына бейнежазба түсіп, ол біздің өңірімізден тыс жерлерде де жұртшылықтың наразылығын тудырған еді.

– Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 257-бабының 2-тармағы («Адамдар тобы жасаған бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жапа шегуші – Атыраудың 29 жастағы тұрғыны, күдіктілер – 20 және 29 жастағы Ақтөбе мен Атыраудың тұрғындары. Жапа шегуші сот-медициналық сараптамадан өтті, жеңіл дене жарақаты тіркелді, - деп толықтырды бұрынғы комментарийді Атырау ҚІІБ криминалдық полиция басшысының орынбасары Марат ТАҒАНИЯЗОВ. - Алдымен күдіктілер 5 тәулікке әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кейінірек олардан басқа жаққа кетпеу туралы қолхат алынды. Ал содан соң прокурордың санкциясымен олар қамауға алынды. Қазіргі кезде екі қыз №9 тергеу изоляторында жатыр. Оқиғаны көзімен көруші түсірген бейнежазба іс материалдарына біріктірілді. Оны жауапкершілікке тарта алмаймыз. Біріншіден, заңда мұндай бап жоқ. Екіншіден, ол адамның соққыға жығуды тоқтатпауы оның тек моралдық қасиетін ғана сипаттайды. Қазіргі уақытта тергеу ісі аяқталып қалды. Жақын арада іс сотқа жолданады.

Төбелес кафеде ішімдік ішу салдарынан ұрыс-керіс барысында басталған, содан соң сыртқа шығып төбелеске ұласқан. Біздің ақпаратымыз бойынша, іс ІІМ бақылауына алынған.

Тамара СУХОМЛИНОВА

23 қазан 2013, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.