Атырау, 23 қараша 22:51
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Прокуратура Тамерлан Царнаевтың үш адам өліміне қатысы барын мәлімдеді

1 793 просмотра

Бостондағы лаңкестікті ұйымдастырушы бас күдіктілердің бірі Тамерлан Царнаев үш адамды өлтіру қылмысына қатысы бар. Сейсенбі, 22 қазанда, мұндай мәлімдемені кіші Царнаев – Джохардың ісімен айналысушы прокуратура өкілдері жасап отыр, деп хабарлайды Лента.ру Associated Press-ке сілтеме жасап.

 Прокуратураның сотқа тапсырған құжаттарында Тамерлан Царнаевтың үш адам өлтіру қылмысына қатыстығын түсініктеме беру кезінде оның танысы Ибрагим Тодашев мәлім етті деп көрсетілген. Әңгіме 2011 жылы Бостон сыртындағы Уолтемде болған қылмыстық оқиға жайында. Онда үш азаматты бәзбіреулер бауыздап, мәйіттеріне марихуана шашып кеткен. Қайтыс болғандардың бірі Тамерлан Царнаевтың танысы болып шықты.

Тодашевты 2013 жылдың мамырында түсініктеме беріп жатқан жерінен ФТБ қызметкері атып өлтірген болатын. Жауап алу кезінде оған Тамерлан Царнаевпен достығы жайында және екеуінің үш адам өліміне қатыстығы туралы сұрақтар қойылған. Құқық қорғау органдарының өкілдері мәлім еткендей, өз кінәсін мойындайтын түсініктеме берген Тодашев кенеттен ФТБ қызметкеріне бассалып, соңғысы оқ атуға мәжбүр болыпты.

Бұған дейін құқық қорғаушылар Царнаевтың үш адамның өліміне қатысы болуы мүмкіндігін тергеп жатқандарын айтқанымен, Тодашевтың оған қарсы түсініктеме бергені жайында еш мәлімдеме жасалмаған еді, деп жазады АР.

Ағайынды Тамерлан мен Джохар Царнаев 2013 жылдың сәуірінде Бостонда болған екі лаңкестік ұйымдастыруда басты күдіктілер деп танылды. Қайғылы оқиға кезінде үш адам көз жұмып, 260 адам жарақат алған болатын.

Тамерлан Царнаев құрықтау операциясы кезінде көз жұмды, ал інісі Джохар құқық қорғаушылардың қолына түсіп қалды. Сот алдында жауап берген кіші Царнаевқа 30 бап бойынша айып тағылған. Оған сәйкес, жас жігіт өлім жазасына кесіліп немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Дереккөз: bnews.kz

23 қазан 2013, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.