
22 мамырда Жетісу облысының прокуратурасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет мүддесіне қайтару бойынша шара қабылдады.
Ескелді ауданында жүргізілген талдау барысында уәкілетті органдар жалдау мерзімі аяқталған учаскелерді қайтару жұмыстарын жүргізбегені және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді өндірмегені анықталды. Соның салдарынан құнды ресурстар ұзақ уақыт бойы экономикалық айналымнан тыс қалған.
Прокурорлық ықпал ету актілерінің нәтижесінде пайдаланылмай жатқан жалпы көлемі 1000 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Қайтарылған активтердің бағалау құны 25 млн теңгеден асты.
Бұл жерлер енді өңірдің қажеттіліктеріне, соның ішінде жайылым тапшылығын шешуге бағытталмақ.
Жетісу облысының прокуратурасы заңдылықты қамтамасыз етіп, жер қорын түгендеу және тиімді пайдалану бағытындағы жұмысын жалғастыруда.
В Атырау +25