
22 мамырда Атырау облысы Исатай ауданында прокуратура білім беру ұйымдарында еңбек еткен зейнеткерлердің заңды мүдделерін қорғау бойынша шара қабылдады.
Тексеру барысында жүзге жуық педагог пен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлеріне зейнеткерлікке шығуына байланысты заңнамада көзделген әлеуметтік төлемдер төленбегені анықталды. Жалпы сомасы 7,2 млн теңгеден асатын міндетті өтемақы қаражаттары аударылмаған.
Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде барлық төлемдер толық көлемде жүргізіліп, зейнеткерлердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, еңбекақы төлеу саласындағы заң талаптарын бұзғаны үшін жеті тұлға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 87-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.
Бұл шаралар қадағалау органының азаматтардың еңбек құқықтарын қорғаудағы рөлін тағы бір мәрте айқындады.