
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұлттық мәдениеттің дамуына үлес қосқан атыраулық өнер майталмандары құрметке бөленді.
Облыс әкімі Серік Шәпкенов салтанатты жиында мемлекеттік наградаларды табыстады. Дина Нұрпейісова атындағы академиялық оркестрдің дирижері Рахилә Ерғалиева «Құрмет» орденімен марапатталды. Ол 1990 жылдан бері оркестрде еңбек етіп, өнерге адалдығымен танылған.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы Атырау облыстық халық шығармашылығы орталығы басшысының орынбасары Ғабит Қайрекешевке берілді. Ол мәдениет саласында ұзақ жылдар басшылық қызмет атқарып, Құрманғазы атындағы мәдениет сарайын басқарған.
Әкім өз сөзінде мәдениеттің қоғамның рухани дамуына ықпалы зор екенін атап өтті.
— Мәдениетке қызмет ету – ұлтқа қызмет ету. Бүгін марапат алған азаматтардың өмір жолы өнерге адалдық пен табанды еңбектің жарқын үлгісі, — деді ол.
Жиын соңында аймақ басшысы өнер иелеріне шығармашылық табыс тіледі.
В Атырау +25 





