Атырау, 22 мамыр 14:14
 дождьВ Атырау +22.3
$ 471.45
€ 547.21
₽ 6.63

«Мұнайшы» стадионын қайта жаңғырту құны 11 миллиардқа жетті

Сурет
90 рет қаралды

Көптен күткен реконструкция өткен аптада басталды. Анықталғандай, жұмыстардың жалпы құны шамамен 11 млрд теңгеге жеткен. Бұған дейін 7,4 млрд теңге деп жарияланған еді.

Жоспар бойынша трибуналар толық ауыстырылады, жаңа алаң салынып, биіктігі 53 метр болатын төрт жарық мачтасы орнатылады. Мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы орындар қарастырылған. Стадионның сыйымдылығы – 8 мыңнан астам көрермен.

Нәтижесінде спорт нысаны заманауи спорт кешеніне айналмақ. Мұнда бокс, күрес, таэквондо және теннис залдары, медициналық және массаж кабинеттері, буфет, жанкүйерлерге арналған демалыс аймақтары, VIP-зоналар, конференц-зал, телестудия және комментаторларға арналған орындар болады.

Атырау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нариман Биғалидің айтуынша, жаңа құны - 11 млрд теңгедей болғаны қымбаттағанын білдірмейді. Бұл – екі бөлек жобаның жиынтық құны. Біріншісі – реконструкцияның өзі (7,4 млрд), екіншісі – халықаралық стандарттарға сәйкес футбол алаңына жылыту және суару жүйелерін орнату. Бұл күрделі инженерлік жұмыстарды қамтиды.

«Мұнайшы» стадионын қайта жаңғырту бойынша бас мердігер – «Aspan Holding» ЖШС. Айта кетейік, дәл осы компания Атырау-2 ықшамауданында 12 мың орындық жаңа стадион, сондай-ақ концерт залы мен облыстық тарихи-өлкетану музейін салып жатыр.

— Стадионды реконструкциялау жалпыұлттық маңызы бар жоба ретінде танылғандықтан, мемлекеттік сатып алу рәсімі ашық тендер арқылы емес, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес бір көзден алу тәсілімен жүргізілді, — деді басқарма басшысы.

Соңғысы: реконструкция мерзімі айтарлықтай қысқартылды. Жаңартылған «Мұнайшыны» 2028 жылы емес, 2027 жылдың соңында ашу жоспарланып отыр.

Лев ГУЗИКОВ

Бүгін, 13:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.