Атырау, 13 желтоқсан 05:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Бұл зымыран оты емес

4 044 просмотра

21 қазан күні таңда Еркінқала ауылының Красный моряк, 3 мекенжайында орналасқан қосалқы шағын үй он минутта өртеніп кетті. Осы уақытта негізінен үйде болған үй иелері өрттің қалай басталғанын да байқамай қалған.

Дүние-мүліктің жанып кеткен жылдамдығы ауылда әр түрлі алып-қашпа әңгімелерді тудырды. Біздің редакциямыз  «халық ақпарат көздері» телефон шалып, Еркінқаладағы бір тұрғын үйге зымыранға ұқсас бір нәрсе түсті деп хабарланғандардың біріншісі болды. Мен бұл ауылға жетіп, өртенген үйдің иелерін тапқанша, жергілікті ТЖ департаментіне астаналық БАҚ-тағы әріптестеріміз бұл «қауесет» туралы сұрап, телефон соғып та үлгеріпті...

Оқиға орнына барған шағын үйді жалға алмақшы болған жанұя дүние-мүліктерін әкеліп қойып, өздері бір-екі күнде көшіп келетін болғанын анықтадық. Яғни, үйде адам болмағандықтан, зардап шеккендер жоқ. Автономды жылу қазандығы қосылмаған, сондықтан да үй иелері электр желілерінің ақаулықтарынан көреді. Өрт себептерін тергеу анықтайды. Үш өрт сөндіру көлігі Балықшыдан шақырту алғаннан 20 минуттан кейін келіп жеткен. Үй иелері өз баспаналарының үстінен ешқандай зымыранды көрмегендіктері жөнінде бар жауапкершілікпен мәлімдеді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор   

22 қазан 2013, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.