Атырау, 20 сәуір 10:10
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Инспектор қылмыс үстінде ұсталды

2 408 просмотра

Экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес департаментінің (ЭЖҚКД) жедел тобы «Ақ Жайық» табиғи резерватының қызметкерін ұстады, қаржы полициясының ақпараты бойынша, ол браконьерлерге «қолдау көрсеткен».

Қаржы полициясы таратқан баспасөз бетшесінде былай жазылған: «ЭЖҚКД-ға «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерваты» ММ-нің мемлекеттік инспекторына қатысты осы резерват аумағында және оған жалғасып жатқан Каспий теңізі суларында браконьерлікпен айналысқан Атырау қаласының тұрғындарына қолдау көрсететіні жөнінде оперативті ақпарат келіп түсті». 

13 қазанға қараған түнде Атырау селолық округының Жаңаталап ауылы тұсында аталмыш инспектор 22 келі қызыл балық түсіріп жатқан жерінен ұсталды. Балық тәркіленіп, «Надежда» ЖШС-ке сақтауға тапсырылды. Сол күні Каспий теңізінің жағалаудан 30 шақырым су айдынынан ау мен басқа да балық аулау құралдары табылды. Күдікті кінәсін мойындады, сот-биологиялық сараптама тағайындалды, табиғатқа келтірілген зияндардың көлемі анықталуды. ҚР ҚК-тің 287 (Балық ресурстарын заңсыз өндіру) және 307 (Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану) баптары бойынша қылмыстық іс қозғау жоспарлануда.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

22 қазан 2013, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.