
Қазақстандық лоукостер FlyArystan Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы мен туристік байланыстарды нығайтуды жалғастыра отырып, Қытай бағыттарына жеңілдік науқанын жариялайды. Арнайы ұсыныс аясында жолаушылар халықаралық рейстерге билеттерді тиімді тарифтермен сатып ала алады.
Қытай рейстеріне арнайы бағалар бір бағытқа 27 000 теңгеден басталады.
Ұсыныс Алматы, Астана және Ақтау қалаларынан орындалатын рейстерге қолданылады. Науқандық билеттерді 2026 жылғы 21-23 мамыр аралығында сатып алуға болады.
Жеңілдікпен тарифтер бойынша саяхат кезеңдері:
– Астана – Үрімші – Астана және Алматы – Инин – Алматы: 2026 жылғы 1 маусымнан 21 қазанға дейін;
– Ақтау – Үрімші – Ақтау: 2026 жылғы 26 маусымнан 21 қазанға дейін;
– Алматы – Сиань – Алматы: 2026 жылғы 30 маусымнан 21 қазанға дейін.
Науқан аясында бір бағытқа арналған тарифтер ұсынылады:
– Алматы – Инин – 27 000 теңгеден, кері бағытта – 38 000 теңгеден;
– Астана – Үрімші – 39 000 теңгеден, кері бағытта – 50 000 теңгеден;
– Ақтау – Үрімші – 67 000 теңгеден, кері бағытта – 84 000 теңгеден;
– Алматы – Сиань – 73 000 теңгеден, кері бағытта – 79 000 теңгеден.
FlyArystan халықаралық бағыттар желісін кеңейтуді жалғастырып, Қазақстан мен Қытай арасындағы саяхаттарды бұрынғыдан да қолжетімді әрі ыңғайлы етуде. Бұған екі ел арасындағы визасыз режим де оң әсерін тигізуде. Сонымен қатар, әуекомпания халықаралық жолаушылар үшін цифрлық сервистерді де жетілдіруде: енді ресми сайттақ ытай тілі онлайн тіркелу және әуебилеттерін сатып алу кезінде қолжетімді.
Билеттерді тиімді бағада әуекомпанияның ресми сайтында, FlyArystan мобильді қосымшасында, сондай-ақ өзге де сату арналары арқылы рәсімдеуге болады.
Науқандық тарифтер бойынша орын саны шектеулі. Көрсетілген баға барлық алымдарды қамтиды, алайда брондау сәтіндегі орын санына байланысты өзгеруі мүмкін.
В Атырау +30.2