
Танымал блогер Сәуле Базарханның Алматыдағы жеке емханалардың бірінде кенеттен қайтыс болу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қайғылы оқиға мамыр айының ортасында орын алғанымен, құқық қорғау органдары бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдемені енді ғана жариялады.
«15 мамырда қаладағы жеке клиникалардың бірінде Алматы қаласының 53 жастағы тұрғыны көз жұмды. Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр, олардың қорытындысы бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады», — деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге де мән-жайлары, сондай-ақ әйелдің өліміне не себеп болғаны әзірге жарияланбай отыр. Тағайындалған сараптамалардың қорытындысы бойынша медицина қызметкерлерінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.
В Атырау +30.2