Атырау, 20 мамыр 18:11
 дождьВ Атырау +32
$ 471.93
€ 548.43
₽ 6.61

Оңтүстік Орал және Қазақстан: шекаралас аймақтар ынтымақтастығының жаңа көкжиектері

70 рет қаралды
gov.kz
gov.kz

Челябі облысына жұмыс сапары аясында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған ресми топ өңіраралық форумға қатысты.

Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған басым бағыттардың бірі. Бүгінде ресейлік инвесторлар біздің өңірде бірқатар жобаларды жүзеге асырып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Ресей Федерациясымен тауар айналымы 311 млрд теңгені құрады, оның елеулі бөлігі шекаралас өңірлердің үлесіне тиесілі.

Форум барысында СҚО-ның инвестициялық, өнеркәсіптік және аграрлық әлеуеті таныстырылып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бағытталған өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Челябі өңірлерінің бизнес өкілдері арасында B2B форматында кездесулер өтті.

Бұдан бөлек, облыс әкімі Челябі облысының губернаторы Алексей Текслермен ресми кездесу өткізді. Сонымен қатар жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарға барып, индустриялық жобаларды іске асыру тәжірибесімен танысты. Ресми сапар аясында делегация Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Бүгін, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.