
Сұлтан Сәрсемалиевтің ісі бойынша айыптау актісін жариялау кезінде прокурор тергеу барысында айыпталушының қылмыстық жауапкершілігін ауырлататын бірде‑бір жағдай анықталмағанын мәлімдеді. Бұл жайт қоғамда сұрақ туғызды, себебі ол төрт адамды өлтірді деп айыпталып отыр, сондай‑ақ мәйіттерді жасырған, марқұмдардың телефондарын пайдаланып, оларды тірі секілді көрсеткен.
Мемлекеттік айыптаушы сотта айыптау актісін оқығанда айыпталушының жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын жағдайларға жеке тоқталды.
— ҚР ҚК‑нің 53‑бабына сәйкес, айыпталушының кәмелетке толмаған балаларының болуы, шынайы өкініш білдіруі және қылмысты ашуға белсенді көмектесуі жеңілдететін жағдайлар ретінде танылды. Ал 54‑бапқа сәйкес, ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ, — деді прокурор.
Бұл тұжырым сауалдар туғызды.
Іс материалдарына сай, Сәрсемалиев бұрынғы жұбайының төрт туысын өлтірген деп айыпталады. Алдымен Атырауда Наурыз Мұқанғалиев қаза тапты, оның денесі үйдің ауласында көмілген. Кейін Жангелдин ауылында жұбайының ата‑анасы — Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиева өлтіріліп, денелері сарайдың еденінің астына жасырылған. Бұдан бөлек, Атырауда отбасының кенже қызы Мейрамгүл Қарабалина да қаза тапқан.
Тергеу деректеріне сәйкес, қылмыстардан кейін айыпталушы марқұмдардың телефондарын қолданып, туыстарымен олардың атынан хат алмасқан және тірі екендей көрініс жасаған. Сондай‑ақ банк қосымшалары арқылы олардың атына несие рәсімдеп, есепшоттарынан ақша алған.
Іс материалдарына сәйкес, Сәрсемалиев қылмыстардан кейін марқұмдардың телефондарын пайдаланған. Олардың атынан туыстарымен хат алмасып, тірі сияқты көрсеткен.
Сонымен қатар тергеу деректерінде айыпталушы банк қосымшалары арқылы марқұмдардың атына несие рәсімдеп, олардың есепшоттарынан ақша алғаны көрсетілген.
Қылмыстардан кейін, тергеу деректеріне сәйкес, Сәрсемалиев Қазақстаннан кетіп, шетелге барған. Кейін ол Индонезияда ұсталды.
Айта кету керек, ҚР ҚК‑нің 54‑бабында қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын бірқатар жағдайлар қарастырылған. Олардың ішінде бірнеше адамға қарсы қылмыс жасау немесе ерекше қатыгездікпен әрекет ету бар. Алайда бұл іс бойынша тергеу ресми түрде мұндай ауырлататын жағдайларды анықтамағанын мәлімдеді.
Сот айыпталушының әрекеттеріне түпкілікті құқықтық бағаны барлық материалдарды зерттеп, сот талқылауы аяқталғаннан кейін береді. Ал тергеу Сәрсемалиевтің ісінде бірде‑бір ауырлататын жағдайды анықтамағаны — процес барысында тараптар қайта оралатын негізгі мәселелердің бірі болуы мүмкін.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау +28.6