Атырау, 23 қараша 22:49
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Католик шіркеуі мұсылмандардың меншігіне өтті

2 609 просмотра

Ұлыбританияның Стаффордшир графтығына қарайтын Стоук-он-Трент елдімекеніндегі әулие Петр атындағы католик шіркеуі жергілікті мұсылман жамағатына сатылды.

Бирмингемдік католиктердің өкілі епархияда ұзын саны 250 мың адамның тізімі барын жеткізді. Алайда, әулие Петр шіркеуіне келетіндердің қатары күрт кеміген соң ашық сауда кезінде жоғары баға ұсынған мұсылмандарға сатуға мәжбүр болғанын айтады.

Соңғы он жылдың ішінде АҚШ, Ұлыбритания елдерінде қаңырап қалған шіркеулердің мұсылмандардың меншігіне өтіп, мешітке айналып жатқаны жалғыз бұл емес.

2007 жылдың әлеуметтік-зерттеу нәтижелері мен мәліметтеріне қарағанда, британдықтардың 15 пайызы шіркеуге тек айына бір-ақ рет ат ізін салады екен. Өзге дерек көздері бойынша, Ұлыбритания шіркеуге келетін жамағат саны жағынан кәрі құрлықта төртінші ел болып табылады.

Дереккөз: muslim.kz

22 қазан 2013, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.