
Үкімет брифингінде көлік министрі Нұрлан Сауранбаев қазақстандықтарды Таяу Шығыстан елге қайтару шараларына шамамен 4 миллион доллар жұмсалғанын хабарлады.
Министрдің айтуынша, бастапқыда эвакуацияланатын азаматтар саны 4 мың деп болжанған, алайда іс жүзінде өңірде 10 мыңнан астам қазақстандық болған.
«Орта есеппен мемлекет бұл іс-шараларға 4 миллион доллар көлемінде қаржы жұмсады», – деді ол.
Шығындардың бір бөлігі авиакомпания тарапынан өтелген, кейбір азаматтар билеттерді өздері сатып алған. Өтемақыға сақтандыру шығындары да кірген. Сонымен қатар, бірқатар қазақстандық Дубай мен көршілес елдерден жеткізілген.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі 2026 жылдың 14 наурызында Таяу Шығыстан азаматтарды эвакуациялау толық аяқталғанын мәлімдеген еді.
В Атырау +26.9