Атырау, 19 мамыр 11:52
 дождьВ Атырау +22.3
$ 467.58
€ 543.66
₽ 6.44

Қазақстандықтарға Құрбан айт мерекесін ұлттық нақышпен өткізу ұсынылды

69 рет қаралды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі барша жамағатты ұлттық киімдерімізді киіп, айт мерекесін дәстүрімізге сай ұлттық нақыштармен өткізуге, игі бастамаларымызға белсенді түрде атсалысуға шақырды.

Бұл туралы ол Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

Бас муфтийдің айтуынша, жыл басында еліміздегі барша дін қызметкерлеріне жолдаған Бағдарлық баяндамамда қос ұлық мейрамдарымыз – Құрбан айт пен Ораза айтты дәстүрімізге сай қоғамдық деңгейде атап өту қажеттігін атап өткен. 

Айт күндері «Құрбан айт – ұлық мереке» тақырыбында республикалық деңгейде игі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Облыстық, қалалық және аудандық мешіттердің ауласында киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен арнайы сайыстар ұйымдастырылады. Жер-жерде мәдени-рухани кештер өткізіледі. 

Наурызбай қажы Тағанұлы jсы ретте еліміздегі барша жамағатты ұлттық киімдерімізді киіп, айт мерекесін дәстүрімізге сай ұлттық нақыштармен өткізуге, игі бастамаларымызға белсенді түрде атсалысуға шақырды. 

Оның айтуынша, мұндай тәсіл діни мерекені кең көлемде ұлықтауға, ұлттық дәстүрлермен, төл мәдениетімізбен және рухани құндылықтарымызбен байланысты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді. Жалпы, бұл қадам қоғамдағы бірлік пен рухани сабақтастықты арттыруды көздейді.

2026 жылы Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні 27 мамыр, сәрсенбі күні атап өтіледі. Бұл күн Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес ресми демалыс күні болады.

Бүгін, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.