Атырау, 19 мамыр 10:55
 дождьВ Атырау +19.8
$ 467.58
€ 543.66
₽ 6.44

Қазақстандық мамандар АҚШ-та жерасты суын басқарудың заманауи технологияларын меңгеріп жатыр

58 рет қаралды

gov.kz
gov.kz

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында қазақстандық гидрогеологтар АҚШ-тың жерасты суын басқару саласындағы озық тәжірибесімен танысты.

Оқу Бойсе қаласында өтті. Қазақстандық мамандар Айдахо штатының Су ресурстары ғылыми орталығы жанындағы жерасты суы оқу орталығының жұмысымен, жерасты суын мониторингтеу жүйелерімен, сондай-ақ жерасты су көздерін модельдеу және қорғау әдістерімен танысты.

Сонымен қатар гидрогеология және жерасты су ресурстарын басқару мәселелері бойынша ғылыми кездесулер, техникалық семинарлар мен тәжірибелік талқылаулар ұйымдастырылды. Барлық шығынды америкалық тарап өз мойнына алды.

«Бұл тәжірибе отандық гидрогеология мамандарының біліктілігін арттыруға, жерасты суын басқарудың заманауи технологияларын енгізуге және АҚШ сарапшыларымен кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді», - деді «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі басқарма төрағасының орынбасары Даир Ибраев.

Бүгін, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.