Атырау, 18 мамыр 19:54
 дождьВ Атырау +32.3
$ 470.17
€ 547.47
₽ 6.42

Өзбекстаннан Қазақстанға ​мыңдаған зақымдалған петуния гүлі жеткізілмек болды

48 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында қауіпті карантиндік арамшөппен зақымдалған сәндік гүлдердің ірі партиясы анықталды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Жүк Қазақстанға Өзбекстанның Ташкент облысынан бағытталған. Түркістан облысындағы міндетті фитосанитарлық бақылау кезінде инспекторлар дабыл қақты: 5 100-ден астам петуния салынған бүкіл партияның қауіпті паразит — арамсоямен (повилика) зақымдалғаны анықталды.

Анықтама: Арамсоя (повилика) — тамыры да, жапырағы да жоқ, өте қауіпті арамшөп-паразит. Ол басқа өсімдіктерді шырмап алып, оларға берік жабысады және барлық шырынын сорып алады. Бұл зиянкестің таралуы ауыл шаруашылығы мен экожүйеге орасан зор зиян келтіреді.

Зақымдалған гүлдердің бүкіл партиясы дереу бұғатталды. Инспекторлар ресми түрде кері қайтару актісін ресімдеп, тоннаға жуық қауіпті петуния Өзбекстандағы жеткізушіге мәжбүрлі түрде кері жөнелтілді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі шекарадағы қатаң бақылау зиянды организмдердің елге кіруінің алдын алуға мүмкіндік беретінін, осылайша фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қазақстандық алқаптар мен бақтарды қорғайтынын атап өтті.


Бүгін, 18:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.