
Биылғы жылдың алғашқы төрт айында көлік прокуратурасы бизнеске қысым жасау деректерін анықтады.
Тексеру нәтижелері бойынша төрт лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Қадағалау органы хабарлағандай, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үнемі көлік прокуратурасының бақылауында тұр.
Атап айтқанда, Павлодар облысында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-ның филиалы – «ЖТ Павлодар бөлімі» мен «СВХ Екібастұз» ЖШС «Ертіс Агро» СҚК-нің жүк тиелген вагондарын заңсыз ұстап, инвестордың қызметін тоқтатты. Павлодар көлік прокуратурасының араласуынан кейін шектеулер алынып тасталып, кінәлілер ҚР ӘҚБтК 173-бабымен жауапкершілікке тартылды.
«Майқапшағай» кеден бекетінде де осындай бұзушылық анықталды, онда отандық тауар өндіруші «Format Mach Company» ЖШС-не өз өнімін кеден органдарының кінәсінен 20 күннен астам уақыт бойы шығара алмады. Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасының қадағалау актілерінің негізінде шектеулер жойылып, кінәлі тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Көлік прокуратурасы баса айтады: бизнеске кез келген қысым жасау әрекеттерінің алды алынады, ал кінәлілер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
В Атырау +32.3