Атырау, 18 мамыр 12:47
 дождьВ Атырау +25
$ 470.17
€ 547.47
₽ 6.42

Павлодар алюминий зауытындағы оқыс оқиғадан екі жұмысшы зардап шекті

67 рет қаралды

Павлодар алюминий зауытында түнгі ауысымда қыздыру цехының екі жұмысшысы жарақат алды. Олардың үстіне №3 пештің кептіру аймағын тазалау жұмыстары кезінде жиналған материал қабатының бір бөлігі опырылып түскен.

Оқыс жағдай 16 мамыр күні болған. Оқиға кезінде аталған аумақта күйежентектеу цехының екі қызметкері болған, деп хабарлайды Павлодар алюминий зауыты баспасөз қызметі.

«Оқиға салдарынан диірмен машинисі оң жақ аяғынан жарақат алып, сүйегі сынған. Екінші қызметкер – агломераттаушыға – медициналық тексеру қорытындысы бойынша оң жақ аяғы жұмсақ тіндерінің жарақаты диагнозы қойылды. Оның сүйегі сынбаған, еңбекке жарамды. Зардап шеккен қызметкерлерге жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, облыстық ауруханаға жеткізілген. Сүйегі сынған диірмен машинисі ауруханаға жатқызылды.», – деп хабарлады зауыт өкілдері.

Оқыс оқиғадан кейін Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган өкілдері зауыттың өндірістік алаңында тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша қауіпті өндірістік нысанда апат белгілері анықталмады.

Бүгін, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.