Атырау, 18 мамыр 12:00
 дождьВ Атырау +25
$ 470.17
€ 547.47
₽ 6.42

Ауқымды жөндеу: БҚО-да Атырау және Ақтөбе бағытындағы жолдар жаңартылады

80 рет қаралды
Сурет: ҚазАвтоЖол
Сурет: ҚазАвтоЖол

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар жолдар жөнделеді. Биыл өңірде жалпы ұзындығы 236 шақырымды құрайтын бес бірдей ірі учаскені тәртіпке келтіру жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта жолдарда ауыр техникалар қарқынды жұмыс істеп жатыр. Жолшылар ескі, тозығы жеткен асфальт қабатын сылып алып, жаңа жабындыны кезең-кезеңімен төсеуге кірісті. Бұл жұмыстар автожол инфрақұрылымын жаңғырту және аймақтың транзиттік әлеуетін дамыту аясында жүргізіліп жатыр.

Әсіресе «Орал - Атырау» жолына ерекше назар аударылып отыр — мұнда жөндеу жұмыстары бірнеше учаскеде қатар жүруде.

Қозғалыс қай жерде шектелетінін және жол төсемінің қай тұстары жаңартылатынын «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының басшысы Асылбек Мардан түсіндіріп өтті.

«2026 жылы республикалық автожол желісінің 236 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Учаскелерге тоқтала кетсек, бұл — Атырау — Орал жолы (қаладан шыға берістегі үш учаске), төртінші нысан — Чапаев — Жалпақтал — Қазталовка жолы (0-ден 17-шақырымға дейін). Бесінші нысан — Ақтөбе — Орал жолының 369–408 шақырым аралығындағы учаскесі», — деп мәлімдеді филиал басшысы.

Жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау және жол жұмыстарын ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.

Бүгін, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.