
ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен міндетті төлемдерден жалтару мақсатында жүк автокөліктерді заңсыз есепке қоюмен айналысқан қылмыстық топқа қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.
Тергеу амалдарына сай, топ мүшелері Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары аумағында N3 санатындағы (жүк тартқыштар) және M1 санатындағы (жеңіл автокөліктер) 82 көлікті заңсыз тіркеген. Құрамында 9 адам болған, олардың арасында автоинспектор мен нотариус та бар.
Клиенттер мессенджерлер мен интернет-ресурстар арқылы табылып, міндетті төлемдерсіз жүк автокөлікті тіркеу қызметтері ұсынылған.
Келісім жасалғаннан кейін ұйымдастырушы көлік туралы мәліметтерді ішкі істер органдарының қызметкеріне беріп, ұқсас техникалық сипаттамалары бар, бұрын есептен шығарылған автокөліктерді іріктеткен.
Одан әрі топ мүшелері жалған сатып алу-сату шарттары мен сенімхаттар рәсімдеп, жалған тұлғаларды тартып, құжаттарды арнайы ХҚКО арқылы өткізіп, заңсыз тіркеуді жүзеге асырған. Бұл ретте нотариустық әрекеттер заңды иелердің нақты қатысуынсыз жүргізілген.
Мемлекетке келтірілген жалпы залал 705 млн теңгені құрады.
В Атырау +21.6