Атырау, 10 маусым 02:09
 дождьВ Атырау +23.6
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81

Астанада заңсыз газ баллондары тәркіленді

428 рет қаралды

Астанада патрульдік полиция қызметкерлері заңсыз тасымалданған газ баллондары мен гель шарларын тәркіледі. Polisia.kz хабарлауынша, оқиға 14 мамыр күні кешкі сағат 20:20 шамасында Абай көшесінде тіркелген.

Полиция күдік тудырған Hyundai Palisade автокөлігін тоқтатып, тексеру жүргізген. Көлікті 34 жастағы ер адам басқарғаны анықталды. Жүксалғыштан қара пакетке салынған газ баллоны, жүргізуші орындығы маңынан тағы бір баллон және гель шарлары табылып, заттай дәлелдемелер тәркіленді. 

Алдын ала мәлімет бойынша, азамат баллондарды сол күні сатып алып, шарларды гельмен толтыруға кіріскен.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 301-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция қысымдағы газ баллондарын заңсыз сақтау, тасымалдау және пайдалану адам өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін ескертті. Азаматтарға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, арнайы рұқсат құжаттарын рәсімдеу қажеттігі айтылды.

15 мамыр, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.