
Өскемен қаласының прокуратурасы «Балалар стоматологиялық емханасы» ШЖҚ-дағы МКК қызметінде еңбек заңнамасының бұзылғанын анықтады.
Тексеру барысында мекеме басшылығының еңбекақы төлеу міндеттемелерін орындамауы салдарынан 53 қызметкерге екі айдан астам уақыт бойы жалақы төленбегені белгілі болды.
Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде медицина қызметкерлерінің құқықтары қалпына келтіріліп, 17,5 млн теңгеден астам жалақы қарызы толық өтелді.
Прокуратура еңбек заңнамасының сақталуын тұрақты бақылауда ұстайтынын хабарлады.
В Атырау +25.6