Атырау, 15 қараша 08:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 493.85
€ 519.04
₽ 4.97

Волгоград облысында үш күндік аза тұту күні жарияланды (БЕЙНЕЖАЗБА)

1 876 просмотра
Волгоград облысында 30 жастағы жанкешті әйел Наида Асиялова жолаушылар автобусын жарып жіберуінен алты адам қаза тапты. Бұл туралы Newsru.com РФ Тергеу комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

Интернет желісінде автобустың жарылу сәті бейнеленген видеоролик пен жанкештінің және оның азаматтық күйеуі Соколовтың фотосуреттері жарияланды.

Волгоград облысында теракт құрбандарын еске алуға арналған үш күндік қаралы күн жарияланды. РФ Президенті В.Путин лаңкестік әрекеттен құрбан болғандардың туыстарына қайғыра көңіл айтты, деп хабарлады Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Жарақат алған төрт адам Мәскеуге жеткізілген. Теракттен қаза болғандардың отбасына 1 млн рубль көлемінде өтемақы төленеді.

«Алдын-ала деректерге қарағанда лаңкестік әрекеттен 43 адам жарақат алып, 6 адам қаза болған. 30-дан астам адам ауруханаға жеткізілді»,-деп хабарлады ТЖМ өкілдері. Бұған дейін 33 адамның жарақат алғаны айтылған болатын.

Дереккөз: bnews.kz

22 қазан 2013, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.