
Астанада кассациялық сот Бақытжан Байжановтың шағымын қарады. Ол Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты атышулы іс бойынша бұрынғы үкімді жеңілдетуді сұраған еді.
Сот алқасы қорғау тарапының кассациялық шағымын қанағаттандырмай, үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұған дейін Байжанов пен оның адвокаттары ақтау немесе жазаны қысқарту талабын қойған, тіпті амнистия мүмкіндігін алға тартқан болатын.
Байжановтың жұбайы соттан гуманизм танытуды сұрап, балаларға әке қажет екенін айтты.
Анасы сот залында эмоцияға беріліп, приставтар оны сыртқа шығарып жіберді.
Еске салсақ, Бақытжан Байжанов — экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бауыры.
- 2024 жылы ол қылмысты жасыру (ҚР ҚК 432-бабы) бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Қазір жазасын Степногорскідегі орта қауіпсіздік мекемесінде өтеп жатыр.
- Ал басты фигурант Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға қатаң режимдегі колонияға сотталған.
Сот жиналған дәлелдердің жеткілікті екенін және бұрынғы жаза әділ әрі жасалған әрекетке сай екенін атап өтті.
Үкім заңды күшіне енді.
В Атырау +30.1