Ол ресми түрде Дамаск Кедендік одаққа ену туралы келіссөз жүргізіп жатқандығын нақтылады.
«Сирия оған ниетті. Біз осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Құжаттар дайын. Қазір Беларус пен Қазақстан арасында келіссөздер жүргізілуде. Ресейлік тараппен келіссөздер аяқталды. Біз бұл ұйымға мүше болғымыз келеді, - деді Кадри Джамиль. – Бұл өте тиімді және экономикалық алмастықты білдіреді, жаһандық деңгейде барлығының құқығы тең болатын қарым-қатынастың жаңа үлгісі».
Бұған дейін Дамасктің Беларус, Қазақстан мен Ресей одағына мүше болу ниеті туралы осы елдің өзге де ресми тұлғалары мәлімдегені есімізде. Атап айтқанда, 2013 жылдың ақпанында экономика және сыртқы саясат министрі Мұхаммад Зафер Мхаббак Дамасктегі Беларус елшісі Олег Ермоловпен екіжақты ынтымақтастық мәселесін талқылаған болатын. Осы орайда ол Сирияның Кеден одағына мүше болу бастамасына Минск қолдау білдіреді деген сенімін білдірген еді.
Дереккөз: Baq.kz