
13 мамырда Жылыой ауданының далалығында екі жерде кепкен шөп өртенді. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, зардап шеккен адам жоқ.
Бірінші өрт сағат 20:40 шамасында Атырау — Құлсары тас жолының бойында, Шоқпартоғай ауылынан 15 шақырым жерде басталған. Онда 1 гектар аумақтағы құрғақ өсімдіктер жанып кетті. Тілсіз жау сағат 21:40-та толықтай ауыздықталды.
Көп ұзамай, сағат 22:12 шамасында Жылыой ауданының Аққұдық жерінде тағы бір өрт шықты. Жалын 4 гектар далалық аумақты шарпыды. Өртті сөндіруге өртке қарсы қызмет мамандары жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
В Атырау +24.3