Атырау, 12 сәуір 02:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13

Кезексіз электронды қызмет

2 597 рет қаралды

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында Connection Point өзіне өзі қызмет көрсету алаңдары пайда болды. Келушілер «тірі» кезекке тұрмай-ақ, электронды түрдегі қызметтерге ие бола алады.

Connection Point – бұл ХҚО-дардағы компьютерлі үстелдер орналасқан арнайы бөлінген жерлер.  

– Бүгін Халыққа қызмет көрсету орталықтары халыққа 170-тен астам қызмет көрсетеді. Оның 120-сын электронды форматта алуға болады, -дейді «Атырау облыстық ХҚО» РМК филиалы директорының орынбасары Тұрлан НҰРЖАНОВ. - Connection Point-та келушілерге электронды үкімет ресурстарын қалай пайдалану керектігін көрсететін кеңесшілер жұмыс істейді.

Атырау қаласындағы Баймұханов көшесі мен Сәтпаев даңғылы бойындағы ХҚО-рында өзіне өзі қызмет көрсету алаңдарында 8 компьютерден, Балықшы мен аудандық ХҚО-тарындағы 3 компьютерден орнатылған.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

21 қазан 2013, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.