Атырау, 13 мамыр 14:17
 дождьВ Атырау +24.1
$ 463.91
€ 544.63
₽ 6.26

Голливуд жұлдыздары қазақ кәсіпкеріне «Спорттық Оскар» табыстады

121 рет қаралды

 Forbes Kazakhstan хабарлауынша, бұл сыйлық спорт қауымдастығында «Спорттық Оскар» деп аталып кеткен.

Алтын түстес мүсіншені кәсіпкерге Голливудтың танымал актерлері мен каскадерлері — «Ең үздіктердің үздігі» фильмі арқылы көрерменге таныс Саймон және Филипп Ри бауырлар табыстады. Марапаттау рәсімі олардың Алматыға жасаған сапары кезінде өтті.

Награда «ұлттық спортты дамыту мен насихаттауға қосқан үлесі үшін» берілген. Ресми жазуда: «Presented to Kanat Kopbayev From Sport Oscar For Kazakhstan Sport Promotion 2026. USA» деп көрсетілген.

Қанат Көпбаев 2023 жылдың қаңтарында «Бәйге» федерациясының президенті болып сайланған. Ол үшін ұлттық бәйге — мәдени кодтың бір бөлігі әрі бала кезден естелікке айналған дәстүр.

Федерация өкілдері Голливуд жұлдыздарының назар аударуы қазақтың ұлттық спорт түрлеріне халықаралық қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді деп атап өтті.

Бүгін, 13:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.