Атырау, 30 желтоқсан 21:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Пирамида үшін ажал құшты

3 275 просмотра

Андрей КИМ. Youtube.com скриншотыАндрей КИМ. Youtube.com скриншоты6 қазанда ондаған адамдардың көз алдында Мәскеудегі сауда орталықтарының бірінің жанында МММ қаржылық пирамидасының белсендісі Андрей КИМ қаза болды. Кейінірек білгеніміздей, МАВРОДИДІҢ «оң қолы» Атыраудың тумасы екен.

Көп ұзамай төбелеске ұласқан жанжал оған қатысушылардың бірінің ажалымен аяқталды. Бұл төбелесті марқұмның азаматтық некедегі әйелі Наталья ИСАЕВА бейнекамераға түсіріп алыпты.  Ролик ютубте 16 мыңнан астам рет қаралған. Бастапқы күндері бұл оқиғаны бұқаралық ақпарат құралдары «кісі өлтіру» деп атады, кейінірек ол жедел  миокард инфарктісі деп басқаша аталды. 

МММ-ді қолдау сипатындағы бейбіт жарнамалық-насихаттау пикеті, Исаеваның айтуынша, тұрақты құбылыс болатын. Роликтен төбелестің қалай басталғандығы көрінеді. Ким  сауда орталығының алдында киімінің сыртына МММ баннерін ілген күйде серуендеп жүр. Сол кезде бір әйел мен бірнеше ер адамдармен келе жатқан зор тұлғалы жас жігіт (кейін оның 30 жастағы рингтегі айқастың кәсіпқой палуанАнтон КУЦИН) айқайлап шақырып, өзі жоғалтқан салымына қатысты талаптар қоя бастайды.

– Ол әлсін әлі қалтасынан жалтыраған затты шығарып, басына, кеудесіне соққылар жасап, рингте жүргендей шыр айнала бастады, – деді телефон арқылы Исаева. – Маған ол нүктелі соққыға арналған екі саусақтық шағын кастет секілді көрінді. Оның сыбайластарының бірі камерамды көлегейлеп, мені тықсыра берді. Біздің басқа қызметкеріміз тағы бір соққыдан кейін Андрейдің жанары шыңылтырланып, тізерлеп отыра қалып, содан соң құлағанын көріпті. Сол кезде ғана олар маған жақындауға мүмкіндік беріп, өздері машиналарына мініп, кетіп қалды.

Қылмыскер өзіне сенімді еді, сүттен ақ боп шығатынын алдын ала білгендей. Бізге денені көмуге мүмкіндік беретін: «жедел миокард инфарктісінен өлген» деп, алдын ала қорытынды берді. Бірақ оған не себеп болды? Кәсіпқойлықпен кастет арқылы соққы жасау денеде із қалдырмай, жүректі тоқтатуға қабілетті... Тіпті қылмыстық іс қозғалған да жоқ. Куцин істе тіпті күдікті ретінде емес, куәгер ретінде өтті. Біз дәрменсізбіз, сараптама нәтижесін күтіп отырмыз.

Берілген қорытындыға қарамастан, Исаева мұны саяси сарын бойынша кісі өлтіру деп атап отыр. Біздің жерлесіміздің өмірінің кейбір тұстары шынымен де таң қалдырады. Исаева растап отырғандай, ол осы құрылым ауқымында едәуір үлкен саяси салмаққа қол жеткізген және өзіне дем беруші Мавродиге жақын болатын.

– Ол біздің жүйенің идеологиялық-саяси жұмысының жүйесінде белсенді өмір сүрді. Мәскеу саяси партиясының бастауыш ұйымының төрағасы болды, қиыр және таяу шетелдерде «Гвардия МММ» қозғалысына басшылық етті. Біз АҚШ үстемдігінің қалыптасқан тәртібімен, долларлық қаржы жүйесімен күресеміз. Біз кедергі келтіретін күшке айналдық. Андрейдің Мәскеу мэріне үміткер ретінде сайлауға қатысқанын білесіздер бе? Ол Навальныймен қатар бірінші кезеңнен өтті, бірақ оны муниципальды сүзгіден өткізбеді. Өткен жылы ол Оппозицияның үйлестіру кеңесінің сайлауына қатысып, рейтинг бойынша Навальныйды басып озды...

МММ сайтындағы мәліметтер бойынша, Ким атышулы жүйенің көшбасшыларының қатарына кіріп, ішкі иерархияда «миллионник» деп аталатын жоғарғы орында болды.

– Бұл оның құрылымында қанша адам болғандығын білдіретін көрсеткіш, – деп түсіндірді Исаева.

– Бұл қандай да болмасын пайыздардың есептелетіндігін білдіре ме?

– Иә, бірақ оның еш мәні жоқ болатын, ол жүйеге материалды тұрғыда тәуелді емес еді. Андрей идея үшін жұмыс істеді. Оған процестің өзі қызықты болатын, ол Сергей Пантелеевике (Мавроди) тұлға ретінде қатты сүйсінетін. Жүйе мен идеяға адал болды. МММ-нен әлемді құтқару жолын көрді. Ол МММ-ге 90-жылдары кірді. Жоғалтқаны да, қол жеткізгені де болды, бірақ көңілі қалған жоқ. 2011 жылы жаңа жүйе пайда болғанда қайта қосылды.

Андрей Ким Атырауда жерленді. Оның жасы 44-те еді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

21 қазан 2013, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.