Атырау, 8 мамыр 16:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

«Лада» жолаушылары «Урал» көлігінің астына түсіп, көз жұмды

5 608 просмотра

Бүгін, 21 қазан күні таңертеңгі cағат 8:30-да Атырау-Астрахан тас жолында көлік апаты орын алды, қаза болғандар бар.

Апат Исатай ауданының Новобогат ауылынан 10 шақырым қашықтықта болған. «Лада» ВАЗ-2115 көлігі Ганюшкин селосы жақтан келе жатқан. Бір сәтте жеңіл көліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік қатты жылдамдықпен бортты «Урал» көлігінің астына кіріп кетеді.

«Ладаның» екі жолаушысы – 48 жастағы әйел мен 22 жастағы ер адам сол жерде көз жұмды. Майысып қалған көліктен мүрделерді шығарып алу үшін металл кескіш жабдықтарымен бірге Батыс аэромобиль құтқару жасағының қызметкерлерін шақыруға тура келді. Жеке жолаушылар тасымалымен айналысатын ВАЗ жүргізушісі, кейбір мәліметтер бойынша, Исатай ауданының орталық ауруханасына жеткізілген. Содан кейін оны «бұғанасы сынған» деген диагнозбен облыстық ауруханаға жатқызыпты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

21 қазан 2013, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.