Атырау, 12 мамыр 16:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18

Әкесінің зиратына барып, қаза тапты: Талғар ауданында 24 жастағы жігіттің өлімі тергеліп жатыр

60 рет қаралды

Алматы облысында Талғар ауданына қарасты Нұра ауылының 24 жастағы тұрғынын өлтіру дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Әлеуметтік желіде тараған мәліметтерге сәйкес, қайғылы жағдай түнгі сағат бір шамасында болған. Бойжеткен інісімен бірге осыдан 10 жыл бұрын қайтыс болған әкесінің басына барып, Құран бағыштауға жолға шыққан.

Жарияланымдарда айтылғандай, ағайындылардың жолын ішінде үш жігіті бар көлік бөгеген. Жолдан өту үшін көлік есігін жабуды сұрағаннан кейін тараптар арасында жанжал туындаған. Хабарлама авторларының сөзінше, 24 жастағы жігіт көліктен түскен кезде, қарсы жақтағылардың бірі оған пышақпен шабуыл жасаған.

Алматы облыстық Полиция департаменті 11 мамыр күні Нұра ауылының 24 жастағы тұрғыны алған пышақ жарақаттарынан ауруханада көз жұмғанын хабарлады.

Қылмыс туралы хабарлама түскен бойда полиция сыртқы жасақтарды жұмылдырып, блокбекеттер қойды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде «ізін суытпай» марқұмның үш ауылдасы ұсталды.

Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» және «Бұзақылық» баптарымен қылмыстық істер қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда, оқиғаға қатысушылар мен куәгерлердің айғақтары тексеріліп жатыр.

Полициядан атап өткендей, тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды.

Бүгін, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.