
5 мамыр күні SCAT әуе компаниясының рейсі кезінде кішкентай балада құрысу ұстамасы басталды. Ұшақта күтпеген жерден екі дәрігер мен қажетті дәрі табылып, қонуға дейін көмек көрсетілген.
Баланың анасы Әселдің айтуынша, оқиға ұшу кезінде болған. Салонда абыр-сабыр басталып, экипаж жолаушылар арасынан дәрігер іздей бастады.
Сол сәтте бірден екі маман табылды: остеопат және әйел-дәрігер (мамандығының нақты атауын ешкім есінде сақтап үлгермеген). Ең бастысы — құрысуға қарсы дәрі табылды.
Әселдің сөзінше, олардың көмегімен ұшақ қонғанша баланың ұстамасы тоқтаған.
«Дәрігерлерге және бүкіл экипажға алғыс айтамын. Сол сәтте баламнан айырылып қаламын деп ойладым», — деп жазды ол.
Қонған соң баланы жедел жәрдем күтіп тұрды.
Оқиға әлеуметтік желіде тарағаннан кейін тағы бір сәйкестік болды: жазбаны ұшақ командирі Кирилл Хамитов көріп қалған.
«Өз тарапымнан барынша қауіпсіз жылдамдықты ұстадым. Барлығы жақсы аяқталғанына шын қуаныштымын. Балаңызға мықты денсаулық тілеймін», — деп жазды ұшқыш.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау -10