Атырау, 12 мамыр 13:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18

Атыраулық ЖҚАЖ-дағы жанжал немен аяқталды

134 рет қаралды

Полиция жедел қимылдайтын арнайы жасағының (ЖҚАЖ) басшылығына қатысты қызметтік тексерістің нәтижесін жариялады.

Еске салсақ, сәуір айының басында әлеуметтік желілерде жедел әрекет ету арнайы жасағының (СОБР) командирі Еркебұлан Сапанов пен рота командирлері Ерік Қарабаев пен Нұрбахыт Басаровтың бағыныштыларды балағаттап, қол көтергені түсірілген видео тараған еді.

«АЖ» редакциясына полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс басқармасының бастығы Нұржан Шаеденов хабарлағандай, қызметтік тексеріс барысында қызметтік этика нормаларының бұзылғаны анықталды. Нәтижесінде, тәртіптік комиссия шешімі бойынша Басаров ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды, ал қалғандарына қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» берілді.

Лев ГУЗИКОВ

Бүгін, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.