Атырау, 12 мамыр 12:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18

Қазақстанда егіс науқанының мониторингі үшін ЖИ элементтері бар цифрлық платформа енгізілуде

43 рет қаралды
gov.kz
gov.kz

Цифрлық технологияларды пайдалану және тұқым сапасын қадағалауды күшейту өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттырудың негізгі факторлары болады. Үкімет отырысында саланы цифрландыру және агротехнологиялық іс-шараларды қамтамасыз ету туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов баяндады.

Оның айтуынша, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі егін егу барысы туралы деректерді жинауға арналған платформа әзірлеп шығарған, ол қазір пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Болашақта өндірісті талдау және болжау үшін жүйеге жасанды интеллект элементтері енгізіледі. Сонымен қатар тұқым сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде: жалпы қажеттілік стандарт бойынша 1-ші және 2-сыныптарға сәйкес келетін 2,3 млн тоннаны құрайды. Тыңайтқыштардың ішкі нарықтағы бағасы да белгілі бір межеде бекітілді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сәуір айынан бастап элеваторларды салу мен жаңғыртуды жеңілдікпен қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталды. Біз осы тапсырманы жүзеге асыру бойынша Жол картасын әзірледік, онда негізгі қаржыландыру критерийлері мен астық сақтау нысандарын салу және жаңғырту жөніндегі индикаторлар көзделген. Қаржыландыруды толық қамтамасыз ете отырып, элеваторлардық қуатын 1 млн тоннаға дейін кеңейту жоспарлануда», — деді Азат Сұлтанов.
Бүгін, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.