Атырау, 12 мамыр 10:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18

Арыс қаласында ағайынды екі ер адам синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған

59 рет қаралды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында есірткі өндіруге жол бермеу бойынша кешенді шаралар қабылдауда, - деп хабарлайды Polisia.kz. 

Мамыр айының басында жалпы және арнайы іс-шаралар кешенін жүргізу нәтижесінде министрлік қызметкерлерімен Түркістан облысы Арыс қаласында есірткі зертханасы жойылды. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаланың шетінде орналасқан жеке тұрғын үйде ағайынды екі ер адамның синтетикалық есірткіні ірі көлемде заңсыз өндіруді ұйымдастырғаны анықталды. 

- Оқиға орнынан тінту кезінде жарты тоннаға жуық сұйық мефедрон, 1,5 тонна прекурсор алынды. Оларға сараптама тағайындалды. Сондай-ақ реактор, колбалар, магниттік араластырғыш, канистрлер, пластикалық науалар және есірткі өндіру белгілері бар өзге де құрал-жабдықтар тәркіленді. Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оның санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.ІІМ ескертеді: есірткі өндіруді жолға қоюға бағытталған кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылады. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Бүгін, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.