Атырау, 14 шілде 14:25
 дождьВ Атырау +32.7
$ 477.11
€ 545.58
₽ 6.20

Павлодарда балабақша тәрбиешісі сотталды

557 рет қаралды

Павлодарда балабақша тәрбиешісі балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін сотталды.

Айыптау тарапының дерегінше, ол 2–2,5 жастағы 16 балаға жүйелі түрде күш көрсетіп, ұрып-соғып, шаштарынан тартып, лақтырып, дене және психикалық зардап келтірген.

Прокурордың белсенді ұстанымы мен ұсынылған даусыз дәлелдер тәрбиешінің кінәсін дәлелдеді. Сот ауырлататын мән-жайларды ескеріп, оған 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазаны өтеу кейінге қалдырылды. Сонымен қатар, ол 3 жыл мерзімге педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

8 мамыр, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.