Атырау, 8 мамыр 15:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18

АҚШ соты Трамп енгізген баж салығын заңсыз деп таныды

94 рет қаралды

АҚШ-тың халықаралық сауда жөніндегі соты президент Дональд Трамп енгізген жаһандық баж салығын заңсыз деп шешім шығарды, деп хабарлайды АА.

20 ақпанда АҚШ Жоғарғы соты Ақ үй басшысының енгізген импорттық баждарын өкілеттігін асыра пайдалану деп таныған болатын. Осыдан кейін Трамп барлық елден келетін импортқа 10 пайыздық тариф енгізді. Ол мұны 1974 жылғы сауда туралы заңға сүйеніп негіздеді.

Соттың жаңа шешіміне сәйкес, мемлекет басшысы тағы да өкілеттігін асыра пайдаланды, себебі ол жаңа схема бойынша тарифтік шектеулер енгізуге құқылы емес еді.

Бұл шешімге президент әкімшілігі әлі де шағым түсіруі мүмкін.

Бүгін, 13:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.