Атырау, 8 мамыр 14:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18

Семей тұрғыны гаражын есірткі қоймасына айналдырған: ІІМ 154 кг марихуана тәркіледі

86 рет қаралды
видеодан скриншот
видеодан скриншот

Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында есірткі жеткізу арналарының жолын кесуге бағытталған іс-шараларды жүргізуде.

Мамыр айының басында Семей қаласында кешендi жедел-іздестіру мен арнайы іс-шаралар нәтижесінде елдің оңтүстік өңірлерінен жеткізілген каннабис тобына жататын есірткінің арнасы жойылды.

Жүргізілген тінту шаралары барысында 35 жастағы жергілікті тұрғынның гаражынан жалпы салмағы 154 килограмм болатын аса ірі көлемдегі марихуана анықталып тәркіленді. Есірткі одан әрі Абай облысы аумағында тарату мақсатында целлофан қаптамаларына оралған.

- Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар барлық күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ІІМ ескертеді: есірткі жеткізу арналарын құрудың кез келген әрекеті қатаң түрде тоқтатылады. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.
Бүгін, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.