Атырау, 7 мамыр 23:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18

​Атырау – Орал автожолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр

108 рет қаралды
Сурет: ҚазАвтоЖол
Сурет: ҚазАвтоЖол

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Атырау – Орал» автомобиль жолында орташа жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Жөндеу жұмыстары жолдың 372-432 шақырым аралығындағы учаскесінде жүріп жатыр. Учаскенің жалпы ұзындығы 60 шақырымды құрайды.

Жөндеу жұмыстарына 37 бірлік арнайы техника және 20 маман жұмылдырылған.

Жоба аясында 13 шақырым аумақта жол жабыны жонылды. Сонымен қатар, ірі түйіршікті асфальтбетоннан төменгі қабат төселуде.

Сурет: ҚазАвтоЖол
Сурет: ҚазАвтоЖол

Мамандардың айтуынша, орташа жөндеу жұмыстары жол сапасын жақсартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және жол пайдаланушылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Бүгін, 22:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.